Америкалық үндістердің атажұрты – Алтай ма?

Америкалық үндістердің атажұрты – Алтай екенін қандай деректер айғақтайды? Пима тайпасы мен қазақтың байырғы бабасы саналатын сақтардың қай шаруашылығы қатты ұқсас? «Кит Пик» тауындағы петроглифтер үндістердің Тәңірге сенгеніне дәлел болады ма?

Адам баласының «саналы ғұмыры» қай жерден басталған екен? Бұл сауалдың жауабын таппаққа, талай ұрпақ талпынды-ау. Қазіргі қарқынға қарағанда, үшінші мыңжылдықтан үміттенуге болатын сыңайлы. Генетика ғылымы дамып, ДНҚ арқылы түп-тұқиянды түгендеуге мүмкіндік туып отыр. Соның нәтижесінде баяғы байламдардың біразы өзгерді. Бүгінгі күні дәйекті дәлелдерді негіз еткен ғалымдар – «Жер шары тұрғындары ежелгі түркілерден тараған» дейтін тұжырымға тоқтаған. Ақиқатқа жанасар ақпарат екеніне – «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы да көз жеткізіп келеді. Міне, мұхит асып, Америкаға аяқ басты. Атаулы құрлықты алғаш мекендеген үндістердің де «алтын ұясы – Алтай» деседі.

Пікірлер