«Жас қанат» байқауының лауреаты Ақерке Көпжасарова

Қазақстанда сахнаға шығуды армандайтын балаларға өнерлерін ортаға салып, бағын сынап көруге мүмкіндік беретін байқаулар көп. Осындай беделі жоғары байқаулардың бірі – жас әншілерге арналған «Жас қанат» сыйлығы. Жыл сайын Жас Қанат байқауынан қанаттанып шыққан өнер иелері отандық эстрадаға, үлкен өнер әлеміне жолдама алып жатыр.

Бүгінгі кейіпкеріміз – 15 жасар Ақерке Көпжасарова, аталған байқаудың дипломанты, жас орындаушылар арнайы сыйлығының иегері.  Байқауда «Хабар» Агенттігінің арнайы жүлдесін Ақерке ұлттық дәстүрді жалғастырғаны үшін алды. Байқауда ол баршаға ұнайтын «Ақбаян», «Құсни Қорлан» секілді халық әндерін орындады. 

Пікірлер