Семейдегі ядролық сынақтан кейінгі сурет

Қазақстанда 1990 жыл – «ядролық құбыжықтан» құтылу жылы болды. 22 мамыр күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Семей полигонын жабу туралы Қаулы қабылдады. Бір қарағанда елеусіз болып көрінетін кадрда Сынақ өткізу алаңының қақпасы біржола жабылып жатыр! Сөйтіп, 1990 жыл – Қазақстан жерінде бір де бір жарылыс өткізілмеген алғашқы жылға айналды.

40 жылдың ішінде Семей полигонында 468 рет атом бомбасының сынағы өткізілген.

Полигон жұмыс істеп тұрған кезде бұрынғы Семей облысының жерін мекендеген халық қатты зардап шекті, олардың денсаулығына өте үлкен зиян келді. Ядролық жарылыс қалдықтары облыс аумағын түгел бүлдірді.

1,5 миллионға жуық адам радиациялық сәуле алған. Фотограф Юрий Куйдин полигонның тарихын мұқият қадағалап отырды. Ол мына суретінде дозиметристтердің 1989 жылғы, кезекті жарылыстан кейін жұмыс істеп жатқан сәтін түсіріп алған.

Пікірлер