Шарль де Голль Байқоңырда

1960 жылдардың ортасы. Мына кадрда Францияның XX ғасырдағы бас кейіпкері – Президент Шарль де Голль Қазақстанға, яғни «Байқоңырға» келіп, зымыранның ұшу сәтін бақылап тұр.

Франция президентінің ұшағы Кеңес Одағына 1966 жылдың маусым айында келіп қонды.Василий Малышевтың суреттерінде әйгілі генералдың өңір тұрғындарымен кездесу сәті түсірілген. Новосібірден кейінгі кезекте – Звездоград қаласы тұрды.

1966 жылдың 25 маусымында, аса құпия жағдайда, бұрынғы Ленинск, қазіргі Байқоңыр қаласының аты бір күнге Звездоград деп өзгертілді. міне, Шарль де Голль келіп, Хрущев, Брежнев, Косыгин және Қазақстанның бірінші хатшысы Қонаевтармен бірге, ғарыштық жер серігінің орбитаға аттануын бақылап тұр.

Пікірлер