Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жылды бүкіл Жер шарында Тынық мұхитының Кирибати Республикасының тұрғындары, одан соң араға бір тәулік салып, америкалық Самоа архипелагының халқы қарсы алады.

Бірақ қай жерде болмасын халық Жаңа жылды ән-күйлетіп қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Өйткені ертеден келе жатқан аңыздар бойынша, Жаңа жыл қарсаңында жер жерде дәл осы күні жын-шайтандар өзіне келесі жылға дейін баспана іздеп шарқ ұрады екен. Ал у-шу, көтеріңкі көңіл-күй, шат күлкіні естіген олар берекелі отбасыдан аулақ жүреді. Сол себептен бұл күнді көңілді өткізу дәстүрге айналған.  

Мереке қарсаңында қыз-қыз қайнайтын жерлердің бірі – бұл шырша базарлары. Халық мерекенің басты нышаны шырша мен оның әшекейлерін сатып алып жатады Жаңа жылды шыршаның аясында қарсы алу дәстүрі орта ғасырлардан бері Еуропа елдерінен келе жатыр.

Пікірлер