Диас Тастанбеков, жас ғалым: Арманым – жаңа технологияларды өндіретін зерттеу орталығын ашу

Диас Тастанбеков. Жас ғалым. Мамандығы – химик. Жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы мектепте оқып жүрген кезінде пайда болады. Жоғарғы сыныптарда химияны тереңдетіп оқу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін таңдайды.

Одан соң "Болашақ" бағдарламасымен магистратураға Англияның Шеффилд шағын қалашығында "полимерлік химия" мамандығы бойынша оқиды.

Елге оралған соң Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Университеті жанындағы зерттеу орталығына кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасады.

«Қазақстанда шағын бизнесті, ғылымды, жас ғалымдарды қолдаудың көптеген құралдары бар. Алайды бұл құралдардың барлығы бірдей жұмыс істей бермейді. Сондай-ақ бұл құралдарды елдің бәрі пайдалануды білмейді. Яғни бұл жерде екі жақтан да кемшілік болуы мүмкін: бірі оны дұрыс жеткізе алмаса, екіншісі оны қалай дұрыс пайдалануды білмейді» , - дейді ол.

Арманы – өзін-өзі қаржыландыра алатын, жаңа технологияларды өндіре алатын және түскен қаражатты жаңа жобаларға жұмсай алатын жеке зерттеу орталығын ашу.

Бүгінде жас кәсіпкер әрі серіктесі Арман Тосқанбаевпен бірге "Зертис" жобасын ашқан. Сөздің түбірі «зерттеу» деген сөзден шыққан.

Пікірлер