Асанәлі Әшімов. «Qazaq Life: Дарабоз»

Асанәлі Әшімов. Қазақ драма театры мен киносының ең танымал тарланы. Өмірі өнерімен өрілген дарын иесі. Ол ең алғаш 1958 жылы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы желісімен түсірілген фильмде ойнаған.

Кейін қазақ кино өнерін жаңа белеске көтеру үшін көп еңбек сіңірді. «Аждаһа жылы», «Шоқан Уәлиханов», «Жусан» , «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Тұзды көл жағасындағы үй»  фильмдерін түсірді. Оның «Майраның әні», «Жан бөлек», «Менің жанрым – күнделік» атты бірнеше кітаптары бар.

Ол – Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекет Қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері, кино майталманы, аңыз адам.

Пікірлер