Ұйғыр музыкалық аспаптары

Ұйғырлар музыкалық аспапты өте әдемілеп жасайды, сүйекпен, мүйізбен безендіреді, ағаштың бетіне қолдан ою салып, нақыштайды.

Қашқарлықтар безендіру үшін піл мен түйенің, ал Іле шеберлері түйе мен сиырдың  сүйегін пайдаланған. Шертпелі және шекті музыкалық аспаптарда, негізінен, мойнын безендіреді және шанағына әртүрлі ою-өрнектер салады.   

Мысалы, ситар – сахтар деген көне аспаптан шыққан. Сахтар – үш сым дегенді білдіреді. Оны XIII ғасырда ақын, музыкант және сопы Әмір Хусро ойлап тапқан. Арада өткен жүздеген жылдардың ішінде, сахтар аспабы жетіле түсті. Сондықтан біз қазір осы бірегей аспаптың оркестрлік бай үнін есту бақытына ие болып отырмыз. Ұйғыр ұлттық ансамбльдерінде сатар негізгі аспаптардың бірі болып саналады. Әдетте, мақамшы жеке партиясының кіріспесін осы сахтармен ойнайды.     

Пікірлер