Владислав Тен қазақтарға қазақ тілін үйретіп жүр

Владислав Тен 1981 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Қазір жасы 37-де, 29 жасына дейін Өзбекстанда тұрған.

Кейін ата-анасы Қазақстанға көшетін болған соң, өзі де бірге Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударады. Бұл жаққа келе салысымен ең алдымен қазақ тілін үйренбек болады. Владислав егер осы жерде өсіп-өркендеу керек болса, онда осы жердің тілін үйреніп алу жөн болар деп шешеді.

Владислав Тен: «Мен әрдайым қазақтар қазақ тілінде, өзбектер өзбек тілінде сөйлейді деп ойлайтынмын. Қазақтарда қандай да бір тілдік проблема бар екенін білген жоқпын. Ондай проблема, әсіресе солтүстікте бар екен».

Владислав қазақ тілін үйреніп бастағанмен, кедергілер болады. Себебі көп қазақ қазақ тілінде емес, орыс тілінде жауап қатып, Владиславтан да орыс тілінде сөйлеуін талап етеді. Яғни олардың өздері саған тіл үйренуге кедергі жасайды.

Соған қарамастан, қазақ тілін тез меңгере алатынын түсінеді, себебі бұл техникалық жағынан қиын емес, дейді ол.

Владислав Тен: «Мен қазақ тілін мұғалімдерсіз-ақ, тілдік ортасыз-ақ үйреніп алдым. Басты ерекшелігім – қазақ тілін тілдік ортасыз үйрендім».

Пікірлер