Қырғызстан. Ыстықкөл. «Сказка» шатқалы

«Адамды үш нәрсе бақытты қыла алады: махаббат, қызықты жұмыс және саяхат» – дейді жазушы Иван Бунин. Бұл сөзге біз де толық қосыламыз.

Бағдарламамыздың бұл бөлімінде біз мәлім де беймәлім Ыстықкөлге аттанамыз. «Сказка» шатқалын да тамашалаймыз.

Ыстықкөл – Қырғызстандағы ең үлкен көл. Республиканың солтүстік-шығысында, Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау жоталарының арасында, теңіз деңгейінен 1609 метр биікте орналасқан.

Ыстықкөл аумағы бойынша жер бетіндегі ең ірі 30 көлдің бірі саналады. Айдын судың батыстан шығысқа созылатын ұзындығы – 182 шақырым, оңтүстіктен солтүстікке жайылып жатқан ені – 58 шақырым. Ыстықкөл туралы алғашқы деректер біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда жазылған Қытай жылнамаларында кездеседі. Аспан асты елінің тарихшылары оны «Же-Хай», яғни «Жылы теңіз» деп атаған.

Пікірлер