Сатираның саңлағы – Көпен Әмірбек. «Qazaq Life: Дарабоз»

«Сатира – қаһарлы қару. Оны қолдан түсіруге болмайды» «Дарабоз» бағдарламасының қонағы, белгілі сатирик, журналист Көпен Әмірбек осылай дейді.

Қой бағып, қозы көгендеп өскен бала Көпеннің арманы суретші болу еді. Алайда өмір ағыны оны басқа арнаға бұрды. Осылайша журналист Көпен Әмірбек, уақыт өте келе қалың бұқараға сықақшы, сатирик болып танылды.

Қазір «Көпен келе жатыр» десе, ел елеңдеп, жұрт қол соғады. Мұнан бөлек, әр жылдары жарық көрген «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Ауызбастырық», «Мың бір мысал», «Неменеңе жетісіп күлесің?», «Өзіңді танисың ба?», «Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін» атты кітаптары да қалың оқырманның көңілінен шықты.

Көпен Әмірбек бірнеше әлем әдебиеті классиктерінің сатиралары мен сықақ өлеңдерін де қазақ тілінде сайратты.

Өзі құрған «Көпен келе жатыр» әзіл-сықақ пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен.

Пікірлер