Іле өзені

Алматы облысының картасынан жасыл түсті үшбұрыш көзге оңай шалынады. Ол – Іле өзенінің атырауы.

Өзен Балқаш көліне жүз елу шақырымдай қалғанда тармақталуды бастап, көлдерден, сағалар мен аралдардан тұратын лабиринт құрайды. Ағыл-тегіл су, қамыс пен жағалаулық орман. Ондай орманды тоғай деп атайды. Қазақтың «тоғай» деген сөзі халықаралық ғылыми әдебиетке еніп кеткен.

Шындығында, Орталық Азиядағы жағалаулық ормандарға тән өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемнің басқа еш жерінде кездеспейді. Оны жаһандық деңгейдегі табиғи байлық деуге болады.       

Пікірлер