АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы – Эрик Майер

Эрик Майер – білікті дипломат. Қазақстанға келмей тұрып, Камбоджадағы Пномпеньде жұмыс істеген. Сонымен қатар ол Каир, Хельсинки және Буенос-Айресте миссиясын атқарды. Әуе көлік саласында, тіпті, мухит бюросында да біраз уақыт еңбек етті.

Америкалық бас консул ана тілі ағылшын тілінен бөлек, дат, француз, испан, орыс және кхемер тілінде сөйлейді.

Кхемер тілі туралы көрермендердің көбісі естімен де шығар. Бұл шамамен V ғасырда Оңтүстік Үндістан мен Оңтүстік –Шығыс Азияда кеңінен қолданылған ежелгі үнді жазуы брахмидан тараған тіл.

Эрик мырза қай елде өмір сүрсе де, дипломат ретінде ең алдымен халықтың мәдениетімен танысуды мұрат тұтады. Осы уақытқа дейін ол Алматының барлық көрікті орындарына саяхат жасап үлгерген.

Дегенмен, танымал «Көк базарды» біздің түсірілім тобымен бірге аралауды жөн көрді.

Пікірлер