Қытай. Ханбалық қаласының жобасын жасаған қазақ

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Қытайға сапарын Ішкі Моңғолия автономиялы ауданынан бастаған еді. Одан кейін аспан асты елінің астанасы – Бейжің қаласында аялдады. Мұнда да арғы аталарымыздан қалған мұра көп. Олай деуге Құбылай ханның тұсында түркі халықтарының күшімен тұрғызылған Даду шаһары себеп. Бүгінгі Бейжің осы Дадудың негізінде ірге көтерген.

Құбылай хан құрған Юань империясының екі астанасы болған. Жазғы ордасы, жоғарғы астанасы – Шанду. Ал қысқы ордасы, ханның қаласы, осы – Даду. Даду деген қытайша атауы, түркі тілінде – Ханбалық.

Атақты саяхатшы Марко Поло жазғандай – Құбылай хан Даду шаһарында қыс айларында ғана тұрыпты. Ханбалықта ханның үлкен сарайы болған. Оның бөлмелерін суреттегенде Марко Поло балама таппай баға беріпті. Ешкім бұлардан әдемі етіп сала алмайды, деген екен.  Даду мен Шанду – екеуі де өз заманының өте керемет қалалары, екеуі де бабаларымыздың қатысуымен салынған. Мына тас мүсіндер – содан белгі беріп тұрғандай...

Орта ғасырлық Ханбалықтың, яғни бүгінгі Бейжің қаласының, жобасын жасаған – Елқыдыр есімді қазақ екені қалай дәлелденді? Түркі тайпаларынан қорғану үшін салған Ұлы Қытай қорғаны арқылы қытайлар қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды ма? «Юань» империясының құрамындағы қыпшақтар дайындаған қара қымыздың қандай ерекшелігі бар?

Пікірлер