Қытайдағы қыпшақ гвардиясы

Қытай – жазба шежірені жақсы сақтаған бірден-бір мемлекет. Солардың ішінде біздің арғы бабаларымызға қатысты ақпараттар мол. Себебі қазақ-қытай қарым-қатынасы сонау көне замандардан көш тартады. Оған қолжазбалармен қоса, археологиялық ескерткіштер де айғақ. Ертедегі байланыстың естелігін жеткізер мұраларды «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы түгендеді.

Керуен сапы Қытайға дейін, Жапония мен Корея мемлекеттерінде болып, Құбылай хан жорықтарына белсенді қатысқан түркі жауынгерлері жайында деректер жинаған еді. Ендігі мақсат –Юань империясының адуынды күшке айналуына біздің бабаларымыз қандай үлес қосқанын зерттеп зерделеу. Осы орайда, Құбылайдың ордасы болған Шанду шаһарына ат басын бұрды. Тарихи қала Бейжіңнен солтүстікке қарай 275 шақырым қашықтықта, Ішкі Моңғолияның Шилин Гол аймағында орналасқан.

Құбылай хан құрған империяда түркі тайпаларының доминантты рөлге ие болғанын, қандай деректер растайды? «Юань» династиясының жоғарғы астанасы – Шанду шаһарының жойылуына не себеп? Отырар билеушісі Қайыр ханның қай ұрпағы Қытайда «қыпшақ гвардиясын» жасақтады?

Пікірлер