Кореяның Чосон халқы мен ғұндардың туысқандығы

Ежелгі Шилла патшалығының астанасы болған Кенджу қаласынан өткен ғасырдың 70-ші жылдарында алтынмен апталған бұйымдар табылған еді. Солардың ішінде Корея ғалымдарының ерекше назарын аударған зат – алтын сапты семсер. Ол Шилла мемлекетінің 13-ші королі Мичудің қорғаны жанынан қазып алыныпты. Мұндай қару түрі Корея түбегінде бірінші рет кездескендіктен, бірнеше жылдық зерттеуге негіз болды. «Семсердің мәдени бастауы қай жер?» деген сауалға жауап іздеген мамандар біраз елді барлайды. Ақыр соңында Санкт-Петербургтегі Эрмитаж мұражайынан айғақ табады. Музейде айтулы семсерден айнымайтын тағы бір нұсқасы тұрған көрінеді. Ол жәдігер 1928-ші жылы Қазақстандағы Бурабай көлінің маңынан табылыпты. Осылайша Корея ғалымдары – «Шилла дәуіріне тиесілі семсер Ұлы далада жасалған» деп жаңалық ашады. Бұл – қазақтың арғы бабаларының теңдессіз жетістіктері аспан асты елінен асып, күллі Азияға таралғанына айғақ.

Бүгінгі бағдарламадан көретіндеріңіз! Кореядағы Кенджу қаласынан қазба жұмыстары кезінде табылған «алтын сапты семсердің» қазақ жерінде жасалғаны қалай дәлелденді? Түркі қағанаты Когуре патшалығына қандай көмек көрсеткен? Қай қолжазбада «Чосон халқы мен Ғұндар – туған бауырлар» деп жазылған?

Пікірлер