Ұлттық мерекелердегі көшпенділердің ойындары

Көшпенділердің дала ойындары әскери тәсілдермен өтетін, себебі, кез келген уақытта қонысқа жау шабуыл жасау қаупі болатын. Мұндай өмір сүру тәсілі бозбалалардың батыр, шымыр болып өсуіне ықпал етті. Біздің ата-бабаларымыз ұрпағының шыныққан, әрі шыдамды болуы үшін түрлі ұлттық ойындарды ойлап шығарды.

Бүгін біз сіздерге ең танымал ойындарды көрсетеміз. Бұл ойындарсыз қазақ халқының ұлттық мерекелері өтпейтін. Көшпенділер ұлттық мерекелер мен тойларда найзамен түрлі ойындарды өткізетін. Яғни, қатысушылар жеңіске жетуі үшін мүмкіндігінше найзаны алысқа лақтыруы керек. Қазақ халқының фольклорында найзаның 13 түрі, ал бақанның 5 түрі бар. Ал ат үстінде бақанмен жүргізілген жекпе-жекті САЙЫС деп атаған. Мұндай ойындарды көбіне айтулы мерекелерде тойлаған. Бұл ойынның басты мақсаты – қарсыласты аттан құлату екен.

Пікірлер