«Make-A-Thon 2019» марафоны

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, стартаптардың 90 пайызы сәтсіз болып табылады. Алайда, қалған 10 пайызы инвесторлардың оған дейін жұмсалған барлық шығындарын толық ақтап шығумен қатар, бірнеше есе пайда әкелетіні белгілі. Бүгінгі күні Қазақстанда көптеген технологиялық байқаулар мен акселерациялық іс-шаралар өткізіліп, «алтын» стартапты таңдау мақсатында венчурлық инвесторлар жиналып, бас қосуда.

Алматы қаласында орналасқан Satbayev университетінде, бейімделген инновациялық тетіктер жасау бойынша 72 сағаттық Makeathon 2019 марафоны мәреге жетті. Бұл – мүмкіндіктері шектеулі жандар мен өнертапқыштарды біріктіруші жаһандық қозғалыстың бір бөлігін қамтитын іс-шара. Байқауды ұйымдастырушылар Қазақстандағы Тель-Авив университеті достары мен Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы.

Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, Makeathon 2019 сияқты іс-шаралар қазақстандықтардың сана-сезімін өзгертеді. Қозғалыс пайда болу үшін ешқандай экожүйе импульссіз өмір сүрмейтіні белгілі. Сол сияқты, өнертапқыштар мен мүмкіндіктері шектеулі жандар да, өз саласына позитивті импульс береді.

Пікірлер