Қазақ пен жапон туысқан ба?

Қазақ пен жапон тілдерінде ата, апа, ана сынды тағы қандай сөздер бір мағынаға ие? Жапондардың байырғы бабалары қазіргі Қазақстан жерінен қоныс аударғаны қалай расталды? Генетикалық зерттеулер бойынша қазақтың қай рулары жапондармен туысқан?

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы – Күншығыс елінде. Жапония – Қазақстанмен тағдырлас әрі мүдделес мемлекет. Тағдырлас болатыны – олар да атом қаруының қасіретін тартқан. Ал мүдделес деуге – сол «алтыбасты аждаһаның» апанына су құюға деген әрекеттері негіз. Тіптен, тамырымыздың да ортақтығы жайлы ой қозғалып жүр. Керуен сапы – Токиоға сапарында айтулы тақырыпты алға оздырып, жапон ғалымдарының зерттеулерімен танысты.

Қазақ пен жапонның түр-тұлғасындағы ұқсастықты, Жапон Премьер-министрі Синдзо Абэ 2015 жылы Астанаға келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әдемі әзілмен жеткізген еді. Шын мәнінде, екі халықтың тамырлас екенін танытатын белгілерді – ғалымдар соңғы кездері жиі айтып жүр. Ең алдымен, тілдеріміздің Алтай тілдері тобына жататындығын айғақ етеді. Содан болар, біраз сөздер бір мағынаға ие. «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы кездескен жапон тарихшылары да мұны растап отыр.

Пікірлер