Жіңішке өзенінің аңғары

Алдыңғы бағдарламада біз Дөң Жайлауда тамаша малшылармен таныстық, Асы үстіртінің көркіне көз суарып, таза ауасымен тыныстадық және Асы-Түрген обсерваториясының таңғажайып инженерлік шешімдеріне қайран қалдық. Ал мына шығарылымда біз ары қарай асау өзендерді кешіп, асқар асуларды бағындырамыз.

Шелек өзеніне құйғанға дейін Жіңішке өзені 50 шақырым бойы жалғыз өзі ағып барады. Өзен аңғарының көркіне көз тоймайды. Адам аяғы көп тимеген жермен бақташылар ғана кейде малын айдап өтеді де, тау баурайындағы жайлауларға жол тартады.

Пікірлер