Отандық «SHOQAN» бренді. «Qazaq Life: Сән» Баян Мақсатқызымен

Костюм, жейде, жаға-жең, галстук. Ерлер сәні – бұл ерекше, өзгеше әлем. Онда қызылды-жасылды түстер аз. Мұнда ең бастысы – матаның сапасы не пішім. Бүгін біз ерлердің киім философиясы туралы сөз етеміз.

Ерлер костюмдерін тігетін қазақстандық бренд 2016 жылы пайда болды. Оның негізін қалаушылар Нұрсұлтан Мағзұмов және Ұлықбек Шәріпов брендке атақты Шоқан Уәлихановтың есімін берді.

Сымбат, стиль мен киімнің ыңғайлы болуын басты назарда ұстаған дизайнерлердің өнімі көпшіліктің көңілінен шықты. Жас кәсіпкерлер елімізде жоғары сапалы ерлер киімін тігуді алғаш қолға алғандарын мақтан етеді. Шоқан бренді еліміздің 10 қаласында, сондай-ақ Мәскеуде сатылады.

Пікірлер