Salta™ бренді. «Qazaq Life: Сән» Баян Мақсатқызымен

Салтанат Баймұхамедова. Салта брендінің негізін қалаушы. Ол үшін киімнің ыңғайлы, қарапайым болғаны маңызды.

Салтанаттың тіккен киімдерінің арасынан гүлді, жылтыр, бүрмелі көйлектерді таба алмайсыз. Өйткені ол киімнің мейлінше біртүсті болғанын  қалайды. Оның алғашқы топтамаларында қара түс басым болса, кейінгі топтамаларына жарқын түстер кездесетін болып жүр.

Пікірлер