Көшпенділер ойындары және заманауи этноспорт

Жүргізушіміз Арман Умарходжиев кәсіби шабандоз болмаса да, әр бағдарлама сайын өзін ежелгі көшпелі ретінде сынап көруге тырысты. Шауып келе жатып садақ тартты. Әскери жорыққа шықты. Қыран құстармен аң аулады. Тіпті асау үйретіп, ат үстінде түрлі каскадерлік трюктар жасады. Күш-қуатының арқасында Арман сондай қиындықтарды еңсере білді. Оның бәрі – әр аулада тұратын мынадай спорт алаңқайында жалықпай жаттығуының арқасы.

Көшпелілердің қаруы. Ата-бабаларымыз қапысыз меңгерген қарудың 5 негізгі түрі бар. Қырағы көз, өткір көзқарас, дәлдік – бұл қасиеттерді жоққа шығаруға болмайды. Көшпелілерді даңқты жауынгер еткен тағы бір маңызды нәрсе бар. Ол – ерлік, батылдық және әрине туған жерге деген махаббат. Осының арқасында көшпенділер әлемдегі ең мықты мергендер ретінде танылды! Бұған спортсыз қалай қол жеткізуге болады?

Пікірлер