Қазақ батырларының әскери дайындығы және жол азығы

Ұлы далада тұрақты әскер болған жоқ. Бірақ қажет болған жағдайда қолбасы санаулы сағатта халық жасағын жинай алатын. Жауынгерлер алыс жорыққа аттанғанда жолазығын алып кетуге тиіс еді. Әдетте оны әйелдер әзірлейтін. Айта кету керек, ол тағамдар жолда бұзылмайтын, керісінше, күннен-күнге дәмі тіл үйіре түсетін. Бүгін бізбағдарламамыздада көшпелілердің жорықта немен қоректенгенін айтып береміз.

Біз хабарымызда арғы бабаларымыздың әскери-спорттық дайындығы туралы айтқанымызбен, бір өте маңызды нәрсені ұмытып кетіппіз. Тамағы тоқ адамнан ғана күшті сарбаз шығады. Сондықтан бүгін біз дала батырларының тамағына тоқталсақ деп едік. Сол заманды қаз-қалпында көрсететін біздің жігіттер жауынгерлердің қандай тамақ ішкенін, жорықта қандай тамақты талғажау еткенін көрсетеді.

Пікірлер