Хулио Новильо. Испан тілі мұғалімі

Қояндар жағалауы! Қазақ тіліне аударар болсақ, бұл мемлекеттің атауы осындай мағынаны білдіреді. Сонымен қатар аталмыш ел құстардың мекені саналады. Мұнда романтика мұражайы бар, дәл осы жерде бесішекті гитара пайда болған, еден жуатын құрал да патенттелген, бұл елде алғашқы чупа-чупс жасалған және халқы үстел футболын ойлап тапқан.  Қазіргі уақытта жер шарының жарты миллиард тұрғыны осы мемлекеттің тілінде сөйлейді. Қазақстанда да испан тіліне қызығушылық танытатын жандар жетерлік. Мұның бір себебі – тілді оңай меңгеруге болады. Ал ең бастысы –мәдениеттеріміздің ұқсастығында жатыр. Хулио Новильо бұл пікірмен толықтай келіседі. 

Қазір ол Қазақстанда тұрып жатыр. Ол өзінің оқытушылық жолын Мороккодан бастаған. Қазақсан –испан тілінің оқытушысы ретінде қызмет етіп жатқан екінші мемлекеті.

Пікірлер