«Qazaq Life: Сән» Баян Мақсатқызымен. Назым Қарпықова

Бүгінгі  оқиғамыз үйінде қыз өсіріп отырған келіншектердің көбісіне таныс. Қуыршақпен ойнау арқылы қыздар қоршаған әлемді танып-біледі. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз – қуыршаққа киім тіге жүріп, кейіннен бұл істі мамандығына айналдыра білген өз ісінің шебері. 

Назым Қарпықова. «Аруназ» ателье брендінің негізін салушы. Дизайнер 5 жылда шоу-бизнес әлеміндегі жұлдыздармен жұмыс істеп, халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып, Италияда өз дүкенін ашуға ұсыныс алып үлгерді. Оның үлбіреген нәзік көйлектері Парижде өткен көрсетілімде жұртты таңғалдырды. Бүгінде оның киімдерін бірталай танымал модельдер қалап киеді.

Аллағы жарты сағатта біз сіздерді сән әлеміндегі жаңалықтар, стиль және тағы да бір талантты дизайнермен  таныстырамыз.

Пікірлер