Мекке қалалық полициясының басшысы болған қазақ

Дешті-Қыпшақтан шыққан Құтыз, Бейбарыс, Қалауын сынды атақты мәмлүктер қазіргі Египет, Израиль, Иордания, Ливан, Сирия, Сауд Арабиясы, Йемен елдерінің дамуына ықпал етумен қатар, Ислам дінінің өркендеуіне де орасан зор үлес қосқан. Мұсылман әлеміне қауіп төндірген крест жорықтары мен монғол шапқыншылықтарына қарсы тұрып, адуынды жаудың азуынан құтқарыпты. Хақ жолындағылар үшін қасиетті мекен саналатын Мекке мен Мәдина қалаларын қарауында ұстап, Қағбаның үстіне жабылатын қара матаны жаңарту жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар қаншама мешіт тұрғызып, Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) салдырған Алланың үйі «әл-Құбаны» жөндеткен. Осы сынды тарихтың ақтаңдақ тұстарын ашуды мақсат еткен «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы – Египет елінен кейін Сауд Арабиясында аялдады.

Сұлтан Бейбарыс жасатқан «мінбер» қазір Мәдина қаласындағы қай мешіттің төрінде тұр? Қажылыққа барғандардың мал-мүлкін тартып алған Мекке шаһарының әмірін Сұлтан Бейбарыс қалай жазалаған? Мекке қалалық полициясының басшысы болып, «екінші Бейбарыс» атанған қазақ кім?

Қыпшақ сұлтандарының Сауд Арабиясындағы ізі. Сұлтан Бейбарыстың әділетті қоғам құрудағы саясаты. Мекке қалалық полициясының басшысы болған қазақ. Осы және өзге де тақырыптар бүгінгі бағдарламада қозғалады.

Пікірлер