Египет тарихындағы қыпшақ әмірлері мен бектері

Бүгінгі бағдарламадан көретіндеріңіз! Египетте сұлтан Бейбарыстармен тең дәрежені иеленген қандай қыпшақ әмірлері мен бектері болды? Қазіргі қазақ пен араб тілдерінің қай сөздері бір-біріне ұқсас? Каирден 150 шақырым жердегі Жүзжебе елдімекенінің тұрғындары, қазақ халқымен қандас болуы мүмкін бе?

Мұсылман елдерін билеген қыпшақ мәмлүктерінің барлығы дерлік – жау қолына түсіп, жат жұртқа сатылғанымен, «қара табан» қарапайым адамдар болмағаны анық. Бұған орта ғасырлық тарихшы Әбу Ал-Ала ибн Хассулдың «Түркілердің басқа ұлт жауынгерлерінен артықшылығы» деп аталатын еңбегі айғақ.

Оның жазуынша, «Түркілер ішер аста, киер киімде, мінер атында иесімен тең дәрежеде болды. Басқалар сынды сарайдың шаруашылығын атқарып, қара жұмыс істемеді. Ерекше қарым-қабілетін таныта білгендер, азаттық алып, лауазымды әскери қызметтерге тағайындалыпты». Дешті-Қыпшақ жауынгерлері осындай тектілік пен тегеурінділіктің арқасында қай жерде жүрсе де, қара үзген. Оған бүгінгі Египеттің көркі болған көне ескерткіштер дәлел.

Египет тарихындағы қыпшақ әмірлері мен бектері. Мысыр елінде қолданыста болған қыпшақ тілі. Қыпшақ мәмлүктерінің ұрпақтары. Осцы және өзге де тақырыптар бағдарламаға арқау болды.

Пікірлер