Есік қорғанының құпиялары

Туристік шоуымыздың екінші маусымын ашық деп жариялаймыз! Екінші маусымның жүргізушісі – лайфстайл және трэвел-блогер Азиза Айбадуллина. Енді Азиза сіздерге жаңа орындар мен жаңа бағыттарды көрсететін болады.

Өткен маусымда біз Ұлы Даланы зерттедік. Сарыарқа, Маңғыстау мен Баянауылдың құпиясын аштық. Ал осы маусымда түсірілім тобы Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі саяхатшылардың ізімен жүреді.

Яғни  Алматы облысының таңғажайып жерлерін аралап, жолдың біраз бөлігін ата-бабамыз сияқты атпен жүріп көрсететін болады. Сіздерге Қазақстандағы жылқы туризмінің қызығы мен шыжығын айтып береміз.

Экспедициямыз жол-жөнекей «Алтын адам» табылған орынды басып өтеді. Бағыт Есік қорымымен жалғасады.

Пікірлер