«Күміс ілу» ойыны жауынгердің нағыз дайындығын білдіреді

Көшпенділердің көптеген спорттық ойындары жекпе-жек өнерінен бастау алады.

Мысалы, «күміс ілу» сайысы - «теңге ілу». Нақтырақ айтсақ ат үстіндегі жігіттер жерден күміс құймалар мен теңгелерді іліп алып отырған. Кім көтерсе – сол жеңімпаз. Бұл сайыс көшпенділердің әскери-ұрыс қимылдарымен тікелей байланысты.

Мысалы, шайқас кезінде жауынгердің жебесі таусылса ат үстінен түспей, оқтан қорғану мақсатында бір жағына қисая садағын оқтап ұрысты жалғастыруы керек болған.

Деректерге қарасақ, Александр Македонский Орта Азияға сапары кезінде «теңге алу» сайысын көріп қатты таңғалған. «Міне, жауынгердің нағыз дайындығы!» - деп таңданыпты. Бұл ежелгі көшпенділер ойыны күннен-күнге әлем елдерінің қызығушылығын оятып келеді. Ол керемет күш пен ептілікті талап етеді.

«Теңге ілу» сонау замандарда көшпенділердің қиын-қыстау өмірінен және жиі болатын шайқастардың себебінен пайда болса, қазіргі таңда бәсекелестік сипатқа ие болып, спорт түріне айналды.

Қазақтың ұлттық ойыны «теңге ілудың» тарихының тамыры тереңде жатыр. Содан бері ойын тәртібі көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Сол ереже бойынша әлі күнге дейін шабандоз жерден бағалы заттарды іліп алуы керек. Бастапқыда күміс құймалар болды. Содан кейін тиындар салынған дорбалар ойнатылатын. Бертін келе түрлі-түсті орамалдарға ауысты.

Пікірлер