Каскадерлердің ат үстіндегі айқасы

IX ғасырда араб жылнамашысы Әл-Жазық біздің бабаларымыз туралы былай деп жазған:

«Егер түріктің өмірі мен ат үстінде өткен күндерін есептесең, олардың жаяу жүргеннен атпен өткен күндері көп екен».

Nomad  Stunts-тың каскадер жігіттері  қазір де баяғы бабаларымыз сияқты аттың құлағында ойнайды. 

Қобыланды батыр туралы жырда көшпенділер жылқыны пыраққа теңеп, оған небір керемет қасиеттерді теліген. Көшпендінің бар өмірі ат үстінде өткендіктен, жылқыны олар ердің қанаты, адамның ең сенімді серігі санады. Көшпенділердің сол кездегі өмір салты бүгінге дейін жетіп, қазір ол ұлттық спорттың бір түріне айналып отыр.

Біздің еліміздегі ат үстінде және жаяу жүріп соғысқан әскери өнерді толық меңгерген адамдар – осы каскадерлар. Және олар – ықылым заманнан келе жатқан дәстүрдің жалғастырушылары.

Пікірлер