Тұран жолбарысының күші

Бүгінде Тұран жолбарысын көпшілік аңыз не ертегі ретінде қабылдайды. Осыдан 100 жыл бұрын адамдар Балқаш жағалауы мен Іле өзенінің сағасынан жолбарысты кездестірсе қорқатын және ол негізсіз емес еді.

Бағзы заманнан бері Тұран жолбарысы Ұлы даланың жыртқышы саналған. Ол жүйрік, қауіпті және оның қай жақтан шабуылдайтынын болжау мүмкін емес. Оның бойында ежелгі парсылықтардың тұрандықтарды бейнелеген барлық қасиеттері бар еді.

Дала жолбарысын не үшін «Тұран» деп атайды? Орта Азияның мақтанышына айналған аңның тұрпаты қандай еді? Адам-жолбарыстың болғаны рас па? Орта Азия аумағындағы жолбарыстар қалай пайда болды? Бұхара бұғысы мен көші- қон саясаты тұран жолбарысының тағдырына қалай әсер етті?

Пікірлер