Андрей Ноданың заманауи картиналары

Біздің елімізде  әлемдік  деңгейде мойындалған  ерекше талантты  Андрей Нода  деген суретші тұрады. Оның туындылары АҚШ, Франция, Италия, Германия, Нидерландия, Монако, Бельгия, Ресейде өткен көрмелерде көпшлік назарына ұсынылған.  

Андрей Нода – Алматыда, Жүргенов атындағы театр өнер интитутын тәмамдаған. Қарағанды қаласында тұрған кездері ол кәсіби деңгейін шыңдап, біраз уақыт қиялына қанат бітірген болатын. Оны басыбайлы экспрессионалист деп те айтуға болар еді, бірақ, қылқалам шебері мұндайда өзін басқа қырынан көрсетіп,  шығармашылығын «сан-қилы сұлу әлемге» толтырып жіберетіні қайран қалдырады.    

Андрей Ноданың картиналарын – үлкен еңбек, зор шабытпен жасалған, көз алмастан қарай беретін өнер туындысы десек еш қателеспейміз. Суретші қатып қалған сүрлеуден шығып, сырт көздің қызығушылығын туғызатын дүниелер жасауға тырысады.

Пікірлер