Қылыштасу өнері және каскадерлердің жұмысы

Бүгін сіздерді «NOMAD STUNTS» тобындағы каскадерлердің тыныс-тіршілігімен таныстыратын боламыз.

Тарихтың атасы Геродот көшпелілер туралы: «Оларда атты әскер мен жаяу әскер бар» - деп жазған. Ежелгі грек жазушысы Лукиан: «Он мың салт атты келді, ал жаяу жасағы одан үш есе көп болатын» - деген дерек қалдырыпты. Осындай үзік-үзік мәліметтерді оқып отырып, ерте көшпелілер қосыны тек атты әскерден тұрмағанын аңғарамыз. Көшпнділердің соғыс тактикасы жаяу сарбаздардың ерлігіне де иек артқан.

Көшпенділердің ауыр найзасы бір салғанда екі дұшпанды бірден тесіп өтетін. Ал сақтардың садағы қашықтан соғысу өнерін жаңа деңгейге көтерді. Бұл енді арғы бабалар туралы. Көшпелі халықтар арасында бірінші болып қазақтар от қаруды қолдана бастады. Нәтижесінде Ұлы даладағы шайқас тактикасы біржола өзгерді.

Жаяу әскердің маңызы айтарлықтай артты. Қазір олардың әдіс-тәсілі заманға бейімделіп, спорттық көпсайыстың бір түріне айналған. Батыр бабалардың тікелей ұрпағы – каскердерлер бүгінгі бағдарламада біздің жүргізушімізге қылыштасу өнерін үйретеді.

Пікірлер