Нарды ойыны

Нарды – үстел үстінде ойналатын, есте жоқ ескі заманнан жеткен құмар ойыны. О баста оны кім ойлап тапқанын тап басып айту қиын. Бәлкім ежелгі мысырлықтар болар, бәлкім римдіктер шығар, тіпті парсылар болуы да мүмкін. Бүгін біз бағдарламамызда Қазақстан бойынша тұңғыш рет классикалық нардыдан турнир өткіземіз.

Нарды – ежелгі үстел ойыны. Оның атрибуттары – тақта, дойбы және ойын тастары. Ең ескі тақта Кіші Азиядан табылған. Оның 5 мың жылдық тарихы бар. Дегенмен нардыны Ұлы даладағы көшпелілер де ойнаған. Түркі қауымының ойшыл ақыны, қазіргі оңтүстік Қазақстанда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн бұл ойынды «Құтты білік» дастанында ерекше атап өтеді. Шайыр өзге мемлекетке өз халқының атынан баратын елшіге қажет қасиеттерді тізбелей келіп: «Ол нарды мен шахмат ойнай білуі керек....» дейді.

Пікірлер