Күркетауық фермасы мен сұңқар қорығы

Үйлеріміздің ауласы мен саябақтарда түрлі құс мекендейді. Тіпті үй жануарына айналып кеткен құстар да бар. Алайда қанаттылардың көбі – жабайы табиғатта ғана тіршілік ете алатын, еркіндік үшін жаралған құстар. Олар туралы біраз мағлұмат білеміз деп ойласақ та, құстар әлемі – көптеген таңғажайыпқа, сыры ашылмаған құпияға толы.

Бағдарламамызда беймәлім тұсы көп құстар әлемін зерттеу үшін – Іле Алатауының етегінде орналасқан күркетауық фермасына барып қайтуды шештік.

Бұл күркетауық фермасы. Құстар қонақтайтын ағашқа назар аударып қарасаңыз, оның кәдімгі тақтайлардан жасалғанын көресіз. Құстарға қажетті жем жеткілікті мөлшерде болуы керек. Сонымен қатар, қуаты күшті шамның болуы маңызды. Оның арқасында, суық күндері балапандар үсіп қалмайды. Күркетауықтар әдетте тату тіршілік етеді, және бір-біріне үнемі қарайласып жүреді. Басқа құстарға да тиіспейді. Қастарына тауық не әтеш жақындаса, оны қумайды.

Биологтардың айтуынша, күркетауықтың отаны – Америка саналады. Кезінде Еуразия құрлығына оны белгілі саяхатшы Христофор Колумб әкелген екен. Жабайы күркетауықтың дауысы қатты, олардың күркілдегенін естімеу мүмкін емес.

Пікірлер