Асау уйрету дәстүрі

Ерте, ерте, ертеде, ата-бабаларымыз екі аяғына ғана сеніп жаяу жүргенде сыртқы әлемнің пердесі жабық еді. Олар желдей ескен жылқыға қарап тұрып, сондай жойқын, сондай жүйрік болуды армандаған да шығар. Тығырықтан шығудың бір-ақ жолы бар еді: атты қолға түсіру, үстіне міну, өз еркіңе көндіру. Алғашында бұл өмірдің өзі туғызған қажеттілік болды. Заман озып, дүние дөңгеленген соң, «асау үйрету» спорттың бір түріне айналды. Отбасыңызға береке тілейміз! Сіз «Этноспорт» бағдарламасын көріп отырсыз.

Асау үйрету – әлі мінілмеген атты бастықтыру деген ұғымды білдіреді. Бүгінде бұл – ұлттық ат спортының бір түрі. Ал қайдан шыққан деп түбін қазып қарасақ, көшпелі бабаларымыз жер бетінде тұңғыш рет қыл құйрықты қолға үйреткен есте жоқ ескі дәуірге тірелеміз. Олар жабайы жылқыларға арқанмен шалма тастап, арқасына қарғып мінетін. Жалынан мықтап ұстап отырып, тулаған тұлпардың үстінде тырмысып кете баратын. Адам мен жануардың айқасы бір жағынан қызық, бір жағынан қиын еді.

Пікірлер