Салбурын – аңшылық қана емес, үлкен бәсеке

Сіздер, әрине, білесіздер, көшпелілер жай ғана малшы емес, ғаламат жауынгер және алапат аңшы болған. Олар жастайынан аң аулау арқылы қарсыласқа қасқайып тұруға қажет барлық қасиетті меңгерген.

Салбурын – атқа жүріп ит жүгіртетін аңшылық өнерді көшпелілер осылай атаған. Бұл – ашық аспан астында еркін тыныстаған ата-бабамыздан қалған ұлттық мұра. Адам бойындағы күштілік пен ептілікті дамытатын болғандықтан, атауының өзі «ойын», «сайыс» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан шығар, қаншама ғасыр өтсе де, салбурын сақталып қана қалмай, бүгінде ұлттық спорттың кең тараған бір түріне айналды.

Пікірлер