Былғары мен тері өңдеу

Былғары – өте керемет материал, өзі берік, икемге көнгіш, сыртқы түрі де сан-қилы болып келеді.  

Қазақстан жерінде тері өңдеп, былғары жасау ежелгі замандардан бастап, қолға алынды. Көшпенділер бұл материалды кеңінен пайдаланған, олардың өмірін былғары бұйымдарсыз елестету қиын, Теріден киім-кешек, аяқ киім, сауыт-сайман, қару-жарақ, музыкалық аспаптар, ыдыс, су мен ашыған сүт өнімдерін құятын торсық жасаған.

Адам баласы теріні алдымен күннің көзіне кептіріп алып, содан кейін өз кәдесіне жаратуды үйренді. Уақыт өте келе, тері өңдеудің қарапайым әдісін, яғни оның бетіне май жағып, иі қанғанша уқалап, былғары алуды меңгерді.         

Тері өңдеу кәсібі бір-бірте жетілдіріліп, күрделене түсті.

Адам ірі қараның да, ұсақ малдың да, шошқа мен түз тағыларының да, тіпті жылан, кесіртке, балықтың да терісін илеуді үйреніп алды.    

Пікірлер