Киіз. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны

Халық киіз басу өнерін жоғары бағалады. Жақсы басылған киіз-текеметтердің ақысы да қымбат болды. Бұл өнерді жетік меңгерген, шебер бойжеткендерге құда түсетіндер көп болды. Қыздарды киіз басу ісіне бала кездерінен тартып, жыл өткен сайын атқаратын жұмыстарын күрделендіре түсті.    

Киіз осылайша, ежелгі дәуірлерден біздің заманымызға дейін жетті. 

Киіз туралы ақпарат:

 - Жүн – жан-жануарлардың денесінде болатын түк.

 - Киіздің пайда болу тарихы біздің дәуіріміздің 5-6-мың жылдығынан бастау алады. Киіз басу – тоқымашылық өнерінен әлдеқайда кеш пайда болды.

 - Киіз басу – қой, түйе, ешкі малдарының жүнін тоқымай-ақ біріктіріп, бүтін бір материалға айналдырудың жолы. Жабайы қойдың жүнінен киіз басылмайды, сол себепті қойды қолға үйрету қажет болды.     

 - Бір қойдан алынатын жүн айтарлықтай көп емес, 3-5 келідей болады, ал бір киіз үйдің сыртын жабуға шамамен 100 келі жүн керек.

 - Киізді күнделікті тұрмыста ғана емес, өнеркәсіп саласында да жылу және дыбыс өткізбейтін материал ретінде пайдаланады.

 - Киіздің осал тұстары да бар. Жұқа басылған киіздің басты проблемасы деп, созылып кететінін, қайтып орнына келуінің қиындығын, бетінің түтеленіп кетуін айтуға болады.       

Ал оның себебі неде? Бүгін соның мән-жайын анықтауға тырысамыз.

Пікірлер