Джиу-джитсудан әлем чемпионы Анна Водолазова

Балалық шақ әркімде әртүрлі өтеді. Бір балалар сүйіспеншілікке толы, ауқатты отбасында туып өседі, ал енді біреулеріне өкінішке орай ата-ананың мейірімі мен қамқорлығын сезіну бұйырмаған. Әйтсе де жағдайы жақсы, толық отбасында өскен балалардың бәрі бірдей өмірде жетістіктерге жетіп, жауапкершілігі мол адам болып шықпайды. Және керісінше, ата-анасының жылуын көрмесе де, қиындықтан тайсалмай, өмірге өз күшімен аяқ басып жатқан балалар міндетті түрде алдына қойған мақсаттарына жетеді. Бойларындағы табанды мінезді, ерік жігерді,  төзімділікті олар өздері шыңдайды.

Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бір жеткіншектің басынан дәл осындай жағдай өтуде.

Ол кезде әлі бүлдіршін болғандықтан балалар үйіне қалай және қашан келгені есінде жоқ. Анасы дүниеден озыпты, ал әкесін мүлдем көрмеген.

Қамқорлыққа алған бір отбасы қыз баланы қайтып әкеліп береді. Бұл жағдай баланың жанына әбден батады.

Біз бүгінгі бағдарламамызда джиу-джитсудан әлем чемпионы Аня Водолазова туралы әңгімелейміз. Анна өміріндегі қиын жағдайларға мойыған жоқ, өзіне деген сенімін жоғалтпай, осы сенімнің күшімен жоқты бар етуге, кез келген шыңды бағындыруға болатынын түсінді.

Ұстанымы мықты, жеңіске деген ұмтылысы күшті болғандықтан ол небәрі он 2 жасында ең биік тұғырдан көрінді, әлемдік аренада Қазақстанның атынан лайықты өнер көрсетті.

Пікірлер