Тоғай бұғысы – Хангүлінің қайта оралуы

Бұл жолы бағдарлама жүргізушілері Ертістің жағасындағы Ашутас деп аталатын палеботаникалық қорықшаға барады. Бұл жерде құлама жардың жиегінде тұрып, түрлі-түсті шөгінділер қабатын тамашалауға болады.

Ал палеонтологтар үшін бұл – туристік нысан емес, жұмыс орны, талай ғылыми жаңалықтар ашылған нағыз зертхана.  

Ашутастың топырағына мұқият үңілсең, магнолия мен олеандрдың тасқа айналған жапырағын ғана емес, ежелгі сүт қоректілердің сүйектерін де тауып алуға болады.  

35 миллион жыл бұрын шамамен осы ендікте алғашқы бұғылар - жабайы эумерикстер пайда болды. Олардың ұзақ уақытқа дейін мүйіздері болмады, түрлері ұзын аяқты сазқұндызға көбірек ұқсайтын. Бұл жануар құрғақ ормандар мен орманды далалар араласа кездесетін өзен аралық дөңес жазықтарды мекендеді. Бірнеше миллиондаған жыл бойы Арал теңізінен Маньчжурияға дейінгі аралықты солар жайлады. Бұғылардың арғы атасы экологиялық ортаның ерекшеліктеріне қарай бейімделді, эволюция жолымен бірте-бірте дамып, әртүрлі түршелер құрады, олар уақыт өте келе жеке түрлерге айналды. Алайда бүгінде олардың көпшілігі жойылып кеткен.             

Ғалымдар қазіргі маралдардың бәрінің арғы атасы – осы үлкен мүйізді бұғы болуы керек деп санайды.

Бұғы тұқымдастарға жататын нағыз бұғылар тұқымының 10 түрі бар, соның екеуі Қазақстан жерін мекендейді: олар асыл тұқымды бұғы (марал) және бұқар бұғысы. Соңғысын хангүлі деп те атайды. 

Пікірлер