Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ даласынан Үндістанға не себепті қоныс аударады?

Үнді тарихына үңілсеңіз, 13-ші ғасырдың орны бөлектігі ойға қонады. Өйткені, дәл сол кезеңнен бастап өмір сапасы өзгереді, мәдениет жаңа формада жаңғырады. Әсіресе, архитектуралық өнер айрықша дамиды. Бұл – Ислам дінінің Үндістанда қарқынды түрде қанат жаюымен байланысты.

Ал оған түрткі болған түркі текті билеушілер еді. Соның ішінде Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі ерен. Қазақтан шыққан қайраткер 10 жылдай осы елде тұрып, Кашмир өлкесін басқарған.

Өмірінің соңғы күндері өткен мекенге «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы ат байлады. Ұлы даланың ұлы тұлғасы «Джамму и Кашмир» штатының жазғы ордасы Сринагарда жерленген.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің қазақ даласынан үнді түбегіне қоныс аударуына не себеп? Ғалым қаза табар алдында қандай сөз айтқан? Кашмирді басқарған билеуші неліктен бұрын тұрмыста болған келіншекті әйелдікке алды?

Пікірлер