Жорға жарыс – ең пайдалы ұлттық спорт түрі

Қазыналы көшпенділер әлемінің атты спорт жарыстарының тарих қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен түрлеріне қарап-ақ әр алуан болғанын айтуға болады. Бұл – желмен жарысқан сәйгүліктердің аламан бәйгесі, білек күші сыналған аударыспақ, қыз қуу мен су шайқалмас жорға мінген шабандоздар тартысы.

Жорға жарыс – ат сайыстарының ішіндегі ақсүйегі саналады. Желісті жылқылар өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға бір бойдағы алдыңғы және артқы аяқтарын сәйкесінше кезектеп  бір мезгілде алады. Өжіреде байлауда тұрған мына Бодрый атаулы жүйрікті Вероника есімді  атбегі күтіп-бағып, бабына салып жүр. 

Пікірлер