Сәуле Жанпейісова: А. Затаевич жинастырған қазақтың мың әнінің 700-ге жуығы айтылмайды

Өмірі өнермен өрілген... Бұл сипаттаманы Сәуле Жанпейісоваға қаратып айтуға әбден болады. Жастайынан өнерге жақын болып өскен ол 1983 жылы эстрада студиясына оқуға түсіп, Ғарифолла Құрманғалиевтің класында білім алады. Ұлағатты ұстаздың соңғы шәкірттерінің бірі. Еңбек жолын «Қазақконцерт» мекемесінен бастайды. Сәуле Жанпейісова Жамбыл облысының тумасы болғанымен, ол көбіне-көп батыс өңірінің әндерін орындайды.

Сәуле Жанпейісова – дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халық әндерін нақышына келтіріп шырқап,  қазақ өнерін әлемге насихаттап жүрген дарабоз әнші. Соңынан шәкірт ертіп, жастарды ұлттық мұраны дәріптеуге баулып жүрген ұлағатты ұстаз.

Қазақ ән өнері мектепке бөлінеді: Арқаның мектебі, батыстың, Жетісудың мектебі болып. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы қандай, ұқсас тұстары бар ма? Бағдарлама қонағы осы және өзге де сұрақтарға сұхбат барысында жауап беретін болады.

Пікірлер