Асық ату – қазақ балаларының ежелгі ойыны

Асық ату – Орталық Азия аумағындағы ең танымыл ойындардың бірі. Асықты әдетте күн жылы кезде, далада ойнайтын.

Асық дегеніміз – қойдың өкше тұсындағы сүйек. Әр ойыншының бірнеше ұсақ асығы болған. Ал сақаның жөні бөлек, асықтарды ұшыратын оның көлемі үлкендеу. Ертеде салмақты болсын деп сақаға қорғасын құятын. Ал хандар мен сұлтандардың балалары ұстайтын сақаларға алтын құйған.

Балалар арасында асық атудан чемпионатты біздің бағдарлама тұңғыш рет өткізіп отыр. Бұл идеядан қандай нәтиже шыққанын осы шығарылымнан көресіздер.

Сондай-ақ бағдарламада көшпенділердің аяқ күрестіру және итеріспек ойындарына толығырақ тоқталамыз.

Пікірлер