Бәйге – сәйгүліктер сайысы

Бәйге – ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Оның пайдасы көшпелі тұрмыспен тығыз байланысты.

Аттарды 50-100 шақырымдық ұзақ жолға алдын ала дайындаған. Кейде бұдан да ұзақ жолды артта қалдыруға тура келетін. Жарыстардың ортақ ара қашықтығы болған жоқ. Ол тек аттардың шыдамдылығына негізделген. Шексіз кең байтақ жерде бұл өте маңызды болды, әрине. Сондықтан жергілікті сәйгүліктер бәйгеге қатысу үшін жаралғандай. Ал таза ағылшын және араб жылқылары ұзақ қашықтықтағы жарыстарға шыдай алмайды. Сондықтан оларды бәйгеге қоспайды.

Бәйгеге қатысу үшін аттың құлағында ойнау жеткіліксіз. Жарыста барынша әділ бола білу керек. Бәйге ұлы даланың басты мерекелерінде ғана ұйымдастырылған. Оған жиналған жұрттың көңілі кең, пейілі ашық болатын. Бұл – ата-бабамыздан бізге дейін жеткен ерекше спорт түрлерінің бірі.

Бәйгенің қандай түрлері бар? Бәйгеге қосатын сәйгүліктердің жас ерекшелігі маңызды ма? Бәйгенің спорттағы ерекшелігі мен қыр-сыры туралы бағдарламамыздан толығырақ біле аласыздар.

Пікірлер