Серікбай Оспанов: Қазақта өлеңді мәнерлеп оқу деген болмаған

Серікбай Оспанов – қазақ позиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Қырықтан астам кітаптың авторы. Оның отызы – поэзия.

Серікбай Оспанов ақындықпен қоса ғылымды да қатар алып жүрген қайраткер. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірін, соңынан қалған мұрасын жылдар бойы зерттеп келе жатқан ғалым. Серікбай Оспановтың ғылыми еңбегінде ұлы ағартушының тіл мен дінге, тәрбиеге қатысты ұстанымдары айтылады.

Сонымен қатар Серікбай Оспанов ағаштан түйін түйеді. «Ақындық пен ұсталық – менің қос қанатым» дейді ол.

«Қазақ кез келген өлеңді әуенге салып айтқан. Оны домбыраға қосқан. Өйткені бұл әдіс халыққа жетімдірек болады. Мысалы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов ақын болуды көксемеген, олар өлеңді құрал ретінде пайдаланып, халыққа жетімді болуын діттеген», - дейді ол сұхбат барысында.

Пікірлер