Гитараны серік еткен Георгий Майорских

Георгий Майорскихтің жасы небәрі 10-да, соған қарамастан ол бүгінде кәсіби гитарашылар арасында нағыз жұлдызға айналып үлгерді. Георгий алғаш рет гитараны қолына 4 жасында ұстаған, 7 жасында электронды гитарада ойнай бастайды. Гошаны виртуоз музыкант деп атауға әбден болады. Ол әлемнің ең күрделі деген рок хиттерін үйреніп, шеберлігімен ересек әріптестерінен басып озып қана қоймай, кәсіби топ құрамында сахнада толыққанды өнер көрсетіп жүр.

Гошаның ерекше қабілетін «Бойжеткен» картинасының режиссері байқайды, фильмде ол өзі сияқты кішкене музыканттың ролін ойнап шығады.

Дарынымен, жайдары мінезімен Георгий Майорских Максим Галкин жүргізетін «Бәрінен үздік» бағдарламасына қатысып, ресейлік көрермендердің де ықыласына бөленіп үлгерді.

Пікірлер