«Бұйратау» ұлттық паркі

Бағдарламамыздың түсірілім тобы Ақмола мен Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан «Бұйратау» ұлттық паркіне бет алды. Бұл қорыққа көктем мезгілінде келген ерекше. Өйткені табиғат құбылысының ерекше сәттерін дәл осы жыл мезгілінде көрген басқаша әсер қалдырады.

«Бұйратау» ұлттық паркі – бетпақ даланың қақ ортасынан орын тепкен нағыз шұрайлы, жазиралы алқап. Орманда жабайы қарақат, таңқурай, көктерек пен қайыңдар көп. Мөлдір таза бұлақтардың ағып жатқаны – бір төбе.

Бұл аймақ – маралдар үшін өте қолайлы орта. Қыста маралдар осы орманды мекендеп, қажетті азығын табады. Бұл орман маралдар үшін несімен қолайлы деп ойлайсыздар. Біріншіден, ағаш пен өсімдік көп, көлеңкелі жер мен ішетін суы да бар. Жақын жерде таза бұлақ ағып жатыр.

Пікірлер